Жақсылықтың нышаны / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Жақсылықтың нышаны

Жақсы әке білсеңіз,
Жақсы үлгі ұлына.
Жаман бала білсеңіз,
Қарайды әке пұлына.

Жақсы аға білсеңіз,
Жақын достай арасы.
Жаман аға білсеңіз,
Жыртық қостай панасы.

Жақсы іні білсеңіз,
Ерттеулі  атпен тен.
Жаман іні білсеңіз,
Ұрыспаған жатпен тең.

Жақсы жігіт білсеңіз,
Қазақтың ескі жұртында,
Жақсы қыздар білсеңіз,
Инабаттылықтың құлпында.

Жақсы қарындас білсеңіз,
Шөл қандырар сұратпай.
Жаман қарындас білсеңіз,
Теріс қарар ұнатпай.

Жақсы қатын білсеңіз,
Жарына салмас салмақты.
Жаман қатын білсеңіз,
Ойланбайды ар жақты.

Жақсы көрші білсеңіз,
Көрсетпейді өкпесін.
Жаман көрші жалақор,
Қисық киер кепкесін.

Жақсы келін білсеңіз,
Күншуакты көктемдей.
Жаман келін білсеңіз,
Күн бұлттап кеткендей.

Жақсы құда білсеңіз,
Әкеңіздің досындай.
Жаман құда білсеніз,
Отыра алмас осқырмай.

Жақсы құдағый білсеңіз,
Бірге өскен құрдастай.
Жаман құдагый білсеңіз,
Әрең шыдар қумастай.

Жақсы басшы білсеңіз,
Қара халықтың басында.
Жақсы туыс білсеңіз,
Өз жұртының қасында.

Жақсы жезде білсеңіз,
Жайып қойған төсектей.
Жаман жезде білсеңіз,
Қажып қалған есектей.

Жақсы жеңге білсеңіз,
Шөлде жеген қарбыздай.
Жаман жеңге білсеңіз,
Жалбыраған жалбыздай.

Жақсы балдыз білсеңіз,
Жарқыраған жұлдыздай.
Жаман балдыз білсеңіз,
Әрең жұрер ұрғызбай.

Жақсы маман білсеңіз,
Өз ісіне берілген.
Оның орнын баса алмас,
Көшеде жүрген көрінген.
758