Карасай батырдың батасы / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Карасай батырдың батасы

Қартайғаң шағында Қарасай батыр балаларына былай деп өсиет айтыпты:

— Сендер тірісінде әулие атаңған Алтынай абыздың немерелері, Қарасай батырдың баласысыңдар. Жақсы қыз — жағадағы құңдыз, жақсы ұл — көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алыңдар. Батыр туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы, қөпқе салса — дұрысы, қөнбесе болар ұрысы. Алдымен еліңнің, жеріңнің қамын ойлаңдар, сөзіме терең бойлаңдар. Елемеген ауру жаман, есқермеген жау жаман, еліріп кеткен дау жаман. Қара қылды қақ жаратын, елінің ығын табатын, көпті ұйытатын әділ биді қастарыңа алыңдар.

Биік төбеге шықсаң — қөзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң — коңілің ашылады.
Ақылды бимен болсаң — дауың басылады,
Хас батырмен бірге жүрсең — жауыңды қашырады.
Құтты адаммен қоңсы қонсаң — аруағыңды асырады.
Арың жақсы болса — сөзің елде тұрады.
Балаң жақсы болса — елінің асыл шырағы.
Қызың жақсы болса — өрісті болар тұрағы.
Жақсы жан ешкімді жатырқамайды.
Жан жолдасың ешуақытта алдамайды.
Әңгүдік жаман ғана сөзіңді тыңдамайды.
Арғымақ аттың баласы аз оттап, коп жусайды
Асыл ердің баласы аз сөйлеп, коп тыңдайды.
Жала сөз тірідей қаралайды
Жақсы сөз дем берер,
Күш қуат, әл берер.
Болат қойнауда шынығады
Ер ат үстінде көп жүріп,
Ел үшін аз тынығады.

Бұл айтқанымның көбісі — бұрынғы өтқен атам қазақтан қалған асыл сөз! Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын.

Батам қабыл болсын! Жортқанда жолдарың болсын! Әумин! — деген екен.
1252