Ақбиев Досжан ақсақалдың ақ батасы (Райымбек батырдың төртінші ұрпағы) / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Ақбиев Досжан ақсақалдың ақ батасы (Райымбек батырдың төртінші ұрпағы)

Халқымды даласымен сақтасын,
Жігітті панасымен сақтасын.
Жаманды анасымен сақтасын,
Адамды өз бағасымен сақтасын.
Елдігіміз нығайып, өсін-өнейік.
Бір алла, бізді өзі жақтасын!
Әумин!

* * *

Ұлыстың ұлы күнінде
Дәулетті бас берсін
Бақытты ас берсін,
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын!
Малың өріске толсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаның басылсын.
Менің берген бұл батам —
Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам.

* * *

Құдайым малды қыл,
Тең — құрбының алды қыл!
Қас сағынған кісіні
Қасқа шұнақ жарлы қыл!
803