Абылайханның сыны, Райымбектің жауабы / Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар
rus / eng / kaz


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции / Благославения, пожелания — Баталар

Назад

Абылайханның сыны, Райымбектің жауабы

Абылай хан үш жүздің басын біріктіріп, жерін жонғарлардан азат ету үшін майдан қолбасшыларын өзі іріктеп, тандайтын көрінеді.

Бірде қолбасы боламын деген ондаған батырды Абылай хан алдына шақырыпты. Олардың ішінде Райымбек те бар көрінеді.

Сапқа тізілген өңшең алпауыт ерлердің өзің, күлігін, қару-жарағын, көбе-сауытын сын көзбен өткізіп келе жатқан Абылай Райымбектің қасына келгенде ерекше тоқтаса керек. Астындағы құнанның ер-тұрманы өте әшекейлі екен; алдынан қараса жылқының арқасы, артынан қараса шоқтығы, жалы көрінетін құранды ердің үстіндегі жігіт өте жас көрінеді. Абылай сынай қарап тұрып:

— Мына баланың астындағы ер-тұрман менікі, — дейді. Сол сәт Райымбек:

— Ханның екі айтқаны — өлгені! — деп, шанқ ете қалады. Хан әрі қарай басқа батырларды аралап кете барады. Райымбек тапжылмай тұра береді. Бір сиыр сауым уақыттан кейін Абылай қайта оралады. Оралады да манағы сөзін тағы айтады. Сонда Райымбек тізгінін тартып, мықымын қысып қалғанда астындағы құнаны көкке қарғып, кісіңеп жібереді. Абылайдың алдына құнанын ойнақтатып тұрған Райымбек:

— Уа, ханым, төресің,
Ер-тоқымга төнесің;
Дүние көріп тұрмысын,
Алтындаған шегесін!
Жала жауып тұрсың-ау,
Жаладан түбі өлесің!
Айтқаныма сенесің,
Айтқаныма сенбесен,
Абыройыңды төгесің.
"Бала" деп мені басынба.
Батырлығымды көресің.
Арғы атамды сұрасаң
Өтірік айтпас өр Албан;
Өр Албаннан — ер Алжан,
Алжанның аты дүр Мәмбет,
Мәмбеттен туған Сырымбет,
Сырымбеттен — Ханкелді,
Ханкелді бабам туғанда
Уысында қан келді.
Айналайын, қазағым,
Қалмақ шауып, бақ ауып.

Судан аққан қан қөрді.
Аққан қанды тымаққа
Алаштың басын жимаққа,
Абылайдай хан берді.
Атам менін Ханкелді
Қазақ үшін қан берді.
Жаратқаным жар берді,
Жеті бірдей ұл берді;
Үлкені — батыр Тілеуке,
Екіншісі — ер Түке,
Үшіңшісі — Мөңке екен,
Төртіншісі — Төңке екен,
Бесіншісі — Тұрсын ер,
Тұрсындай болып тусын ер.
Тұрсыннан кейін Айбас-ты,
Айбастан кейін Қойбас-ты,
Жеті ұлы біріксе,
Жер қуырмай қоймас-ты.
Ер Түкеден мен тудым,
Ер болуға бел будым.
Уа, алдияр, төресің,
Ер- тоқымға төнесің.
Дүние көріп тұрмысың
Алтындаған шегесің!
Жалған айтты демесін,
Өңшең жасық бұл тобыр
Хан айтқан сон не десін.
Айналайын, хан бабам,
Немересіне арнаған,
Астымдағы құнан кер,
Құнан керде құранды ер
Әубәкір ұста жасаған,
Менің ғана бәсірем;
Шыныменен хан болсаң,
Бөсіремді сұрап көр, — деп тоқтайды.

Абылай хан жас жігітке сүйсіне қарап тұрып:

— Қарағым, алтынмен аптаған, күміспен күптеген ер-тұрманға , ойнақшыған қүнанға мастанып келген қуыс кеуде, данғой, мақтаншақ біреу ме деп сынай айтып едім. Сөзімді қайтып алдым.

Жауға қарсы соғысқа қолбасшы сен боласың, — деп батасын берген екен.

Түке ұлы Райымбек батыр 1730 жылы туып 1826 жылы дүниеден өткен. Жонғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батыры.  ¥лы жұздің Албан тайпасы, Алжан руының Сырымбет деген атасынан тарайды.

Жазушы Жолдасбай Тұрлыбаев "Райымбек батыр" — романында, Райымбек батырды ту сыртынан белгісіз жау атып кетеді, — деп жазған. Міне сол садақ оғының жарасы ұлғайып, екі-үш айдай төсек тартып, жарасы жазылмайды.

Ақыры батыр, Ақ атанды қомдап, мені батысқа қарай, Алматы аймағы менің жерім, жайлауым Асы, қыстауым Алматы басына Ақ атан, туған жерге өзі апарады. Топырақ бұйырған жерге шөгеді. Шөккен жерде топырақ бұйырады, деген екен. Ақ атан өзі қай жерге шөксе, сол арадан бір адым әрі аттатпаңдар! — деп ескертеді.

Халқымен қоштасар алдында, ел жиылып, ұлы сапарға аттанар алдындағы үлағатты ақыл-өсиетіңізді мына еліңіз естігісі келеді, — деп халық тілек білдіреді.

Олай болса, тыңдаңдар, ең әуелі жасы үлкендерге айтарым:

Адал болсын үланың,
Асқақ болсың ұраның!
Ұл-қызың тұрсын желкілдеп,
Туың тұрсың желпілдеп!
Берік болсын бірлігің,
Бірлігің — ол тірлің.
Ұландарға айтарым:
Атаң-анаң, ел-жұртың,
Бәрі сенің ардактың,
Ардақтыңды аяла!
Аптапта бол көлеңке,
Жел соқса ал саяңа!
Туған жердің топырағы,
Халқыңның қасиеті тұрағы
Тұрағыңды тоздырма
Жаттың қолын создырма! — деп үзақ сапар алдында, қоштасар сәтінде халқына, еліне, жұртына айтқан осиеті мен тілегі.
1080