Казахские традиции
rus / eng / kaz
tradition.kazakh.ru (beta)


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.









Казахские традиции

Праздники, свадебные обряды, обряды погребения, традиционные пожелания — бата.

Абылай хан үш жүздің басын біріктіріп, жерін жонғарлардан азат ету үшін майдан қолбасшыларын өзі іріктеп, тандайтын көрінеді.

Аяғын келе жатыр жылдам басып. Жарқырап маңдайында екі көзі, Ілезде жеткізеді жерге қашық.

Ата-Анамның жалғасы,
Ұрпағының төл басы.
Артынан ерген ініге,
Әрқашанда көш басшы.


Қараша тауым қарлы болды, Бір жауса кетпейтұғын зәрлі болды.

Қозғалмай бір орнында қарап тұрар, Адамның қажетіне жарап тұрар. Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп, Және де көбеймекке талап қылар.

Өсіп тұрған бұл не? Жаз болса жайнап. Саясында ән салып, Құстар жүргені сайрап. Салқын түссе шешініп, Қалады өзі жайрап.

Бір таудың алпыс екі саласы бар, Он екі жанында қаласы бар. Бау-бақша, түрлі өсімдіктер, Барлығын біліп тұрған анасы бар.

Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы  бөлек, Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек. Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс, Мал жемес, шауып алып неме керек. Сол таудың ортасында екі өзен. Астында бұлағы бар, алды кезең. Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ, Адамзат көргенің жоқ ондай өзен. Сол...

Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек. Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек...


Сақыр-сақыр сақасы, Ішіндегі бақасы. Екі торсық азығы, Діңкілдейді қазығы.

Жаралғанда жабысқан.

Бір дария жерде де емес,  көкте де емес, Болғанда түбі терең, аузы кемеш, Ішіне ит түссе де арам емес.

Қарағай басына қатық ұйыттым.

Көтеріліп қампияр қиыстырсаң, Майдаланар қимылсыз жиыстырсаң. Мұның да шешімі бар келісімді, Ойланып ақылыңа сиыстырсаң.

Аппас жұмбақ,  адам басын таппас жұмбақ, Қыз тілесе, бермес жұмбақ, Қызыл алтынға батпас жұмбақ.

Күніне бір өліп, бір тіріледі, Ақырында тұра алмай кідіреді. Ойланғанға келісімді шешуі бар, Ойланбаса мұны да кім біледі.

Шаңырағыңыз еңселі,
Керегеңіз кең болсын.
Ел ішінде елменен,
Терезеңіз тең болсын.


Керегенiң басында кепкен бауыр, Кесiп алсаң таусылмас неткен бауыр.

Екеуі де анасы, Үш жүз алпыс бес баласы, Отыз ор дуадақ, Бес балақ сан, Қырық сегіз патшасы.

Қысы-жазы үйде тұрады, Өзі мұзға ұқсайды. Бетінде сәулесі бар, Бұл жұмбағым кімге ұнайды.

Екі егіз қарсы келді, Арасына көк мұз түсе берді, Біреуі жанды, біреуі жансыз.

Қырымда бір құдық бар суы батпан, Сол суы шілде күні мұз боп қатқан. Сіресіп бауырдай боп қатқан мұздың Бетіне бетегесі шығып жатқан.

Қабыл болсын оразаң,
Отыз күндей ұстаған.
Айтымыз келді мұсылман,
Көктегі айға ұқсаған.


Керегенің басында кетпен құйрық, Кесіп алса таусылмас неткен құйрық.

Халқымды даласымен сақтасын,
Жігітті панасымен сақтасын.
Жаманды анасымен сақтасын,
Адамды өз бағасымен сақтасын.
Елдігіміз нығайып, өсін-онейік.
Бір алла, бізді өзі жақтасын!
Әумин!